2016 жылғы 14 мамыр, Астана қаласы
«Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
бұйырамын:
1. «Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10023 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.БОЗЫМБАЕВ
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі
________________Ә. Исекешев ________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 23 мамыр 2016 жылғы 31 мамыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 14 мамырдағы №204 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығымен бекітілген
Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану,
технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе)табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу (бұдан әрі – газды технологиялық еріксіз жағу) кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган – мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару үдерісін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
3) табиғи және ілеспе газды кәдеге жарату – кен орнында табиғи және ілеспе газды технологиялық мұқтаждықтарға және (немесе) тауар өніміне дейінгі дайындауға пайдалану мақсатында кәсіпшілік жинауды қамтамасыз ету;
4) ілеспе газды қайта өңдеу – ілеспе газды тауарлық өнімге дейін жеткізу жөніндегі технологиялық процесс;
5) ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу – ілеспе және (немесе) табиғи газды пайдаланбай жою процесі.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Заңда айқындалған.
2-тарау. Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру тәртібі
3. Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.
Рұқсат беруді (беруден бас тартуды) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында қарастырылған құжаттарды алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
4. Жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) уәкілетті органға сұралатын рұқсат түріне байланысты осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында қарастырылған құжаттармен бірге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар алу үшін өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
5. Ұңғыма объектілеріне сынақтар жүргізу кезіндегі рұқсатты алу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспары;
3) осыған дейін алынған рұқсат аясындағы ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжатын қоса тіркейді.
6. Кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезіндегі рұқсатты алу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) осы Қағидалардың 3-қосымшаның сәйкес мәліметтер нысаны.
7. Ұңғымалардың объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат бекітілген жобаға сәйкес ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспарындағы мерзімге беріледі, бірақ ұңғыманың әр объектісі үшін үш айдан артық болмауы керек.
Ұңғыманың жекелеген объектілерін сынау жоспарында жер қойнауын пайдаланушы жасаған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9915 болып тіркелген) бекітілген Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне (бұдан басқа – әдістеме) сәйкес газ жағу көлемдері мен жұмыс түрлері бойынша күндер саны бойынша есептеулер келтіріледі.
Кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде газ жағуға рұқсат мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган келісетін тиісті ілеспе газды қайта өңдеу бағдарламасымен қарастырылған нормативтері мен көлемдеріне сәйкес беріледі.
8. Кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге рұқсат берілуі мүмкін, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде газды жағу іске қосу-баптау жұмыстарымен байланысты кезең ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат газды қайта өңдеу бағдарламасына сәйкес мерзімге беріледі.
9. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер негізінде жүзеге асырылады:
1) жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) жер қойнауын пайдаланушының (өтініш берушінің) және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің талаптарға және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келмеуі;
3) жер қойнауын пайдаланушыға (өтініш берушіге) қатысты айқындалған бірінші (лицензиялар) және (немесе) екінші санаттағы рұқсаттарды алуын талап ететін жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот шешімі болса;
4) жер қойнауын пайдаланушыға (өтініш берушіге) қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде жер қойнауын пайдаланушы айқындалған бірінші (лицензиялар) және (немесе) екінші санаттағы рұқсаттарды алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.
Жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) рұқсат беруден бас тарту себептерін алып тастағаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қайта жүгіне алады.
10. Жер қойнауын пайдаланушы қайта ұйымдастырылған және (немесе) атауы өзгерген жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алған сәттен бастап бір ай мерзім ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса рұқсатты қайта ресімдеу туралы ерікті түрде өтініш береді. Рұқсатты беру қайта ұйымдастырылу және (немесе) атауының өзгеруі туралы мәліметтерін растайтын құжаттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша
нысан
Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану,
газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағуға
РҰҚСАТ
Нөмірі: Берілген орны:
Берілген күні:
_____________________________________________________________ берілді
(жер қойнауын пайдаланушының атауы)
____________________________________________________________________
(кен орны, ұңғыма нөмірі)
___________________________________________________________ көлемінде,
(жағуға рұқсат етілген газ көлемі)
____________________________________________________________________
(газды жағу түрі)
____________________________________________________________________
(рұқсаттың қолданылу мерзімі)
Ескертпе:
Басшы (уәкiлеттi адам): тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Электрондық-цифрлық қолтаңба
Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша
нысан
Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар алу үшін
ӨТІНІШ
(қайда) ___________________________________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
(кімнен) __________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы,
орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
__________________________________________________________________________________
(кен орны; ұңғыма нөмірі*; қандай сатыда)
__________________________________________________________________________________
(газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі; жылына жағылатын газдың болжамды көлемі (млн. м3)
__________________________________________________________________________________
(сатылары көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың күні,
нөмірі және қолдану мерзімі)
__________________________________________________________________________________
(келісімшартқа соңғы қосымшаның (болған жағдайда) күні, нөмірі және қолдану мерзімі)
____________________________________________________________________
(жүргізілетін жұмыстардың жоспарлы мерзімі)
Ұңғыма туралы деректер:*
Объектінің атауы және нөмірі Көлемі, млн. м3 Аралығы Объектілер бойынша
сынау күндерінің саны
1 2 3 4
* ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде газды жағуға рұқсат алу үшін
Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1. ________________________________
2. ________________________________
…
Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ ___________________
(қолы) тегi, аты, әкесiнiң аты
(болған жағдайда)
20__ж. «___» ____________
Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ
1. Өткен жылғы өндірілген газ, млн. м3 _____________________________.
2. Өткен жылғы жағылған газ, млн. м3 ______________________________.
оның ішінде:
1) кен орнын сынамалы пайдалану кезінде, млн. м3 ___________________;
2) газды технологиялық еріксіз жағу кезінде, млн. м3 _________________;
3) барлау ұңғымаларын сынау кезінде, млн. м3 _______________________.
3. Өтінім беру жылына газды жағу, млн. м3 __________________________.
4. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе газды өңдеуді
дамыту бағдарламасын бекіту туралы ақпарат:
1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _______________;
2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____________;
3) өтінім беру жылына жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері, млн. м3
_______________________________________________________________;
4) өтінім беру жылына газ өндіру мөлшері, млн. м3 ___________________.
5. Газ жағуды есептеу аспаптарының саны мен олардың орналасуы______
_______________________________________________________________.
6. Газ өңдеудің және кәдеге жаратудың нақты көлемі туралы ақпарат:
1) өткен жылғы газ өңдеу мөлшері, млн. м3 __________________________;
2) өткен жылғы газ өңдеу тәсілі ___________________________________;
3) өткен жылғы кәдеге жаратылған газ мөлшері, (көзі бойынша) млн. м3
_______________________________________________________________;
4) өткен жылғы газды кәдеге жарату тәсілі (көзі бойынша) ____________;
5) өткен жылғы технологиялық жоғалулар __________________________;
7. Газды өндірістік үздіксіз жағу көздері (алаулары) туралы ақпарат:
1) жалпы саны __________________________________________________;
2) орналасқан жері_______________________________________________;
3) биіктігі, метр _________________________________________________;
4) өнімділігі, Нм3 мың/тәулік______________________________________.
8. Кен орнын сынамалы пайдалану немесе игеру жобасын бекіту туралы ақпарат:
1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат)_______________;
2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____________;
3) жобалық құжаттағы қолданыс мерзімінің басталуы _________________;
4) жобалық құжаттағы қолданыс мерзімінің аяқталуы _________________;
5) өткен жылғы мұнай өндірудің жобалық мөлшері, мың тонна _________;
6) өткен жылғы газ өндірудің жобалық мөлшері, млн. м3 _______________.
9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы №64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 28 қарашада № 9915 болып тіркелген) бекітілген Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес ұңғымалар объектілерін сынау және кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу нормативтері мен көлемдерінің есептемесі _______________________________.
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт туралы деректер:
1) келісімшарт күні ______________________________________________;
2) келісімшарт нөмірі ____________________________________________;
3) келісімшарттың қолдану мерзімі_________________________________;
4) келісімшартқа жасалынған соңғы қосымшаның күні (бар болған жағдайда)
___________________________________________________________;
5) келісімшартқа жасалынған соңғы қосымшаның нөмірі (бар болған жағдайда)
___________________________________________________________;
6) келісімшартқа жасалынған соңғы қосымшаның қолдану мерзімі (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________;
7) кен орны сатысы (барлау, өнеркәсіптік игеру) _____________________.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 1 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13862 болып енгізілді.